Қысқы спорт 24 Қаңтар, 2025

IX қысқы Азия ойындарының медалі таныстырылды

94 рет
көрсетілді

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының медалі ерекше дизайнымен көпшілікті сүйсінтті, деп жазады Egemen.kz.

«Жарыс рухы» аталатын медаль бедерінің алдыңғы бөлігінде жарыс жолының иілген пішіні мен Азия ойындарының эмблемасы бейнеленген. 

Артқы жағында Ябулидің тау-ормандары және Азия Олимпиада кеңесінің күн бейнесіндегі логотипі салынған. 

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары  7-14 ақпаны аралығында өтеді.