Технология 24 Қаңтар, 2025

Министрлік елде интернет неге істемей қалғанын түсіндірді

67 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік органдардың сайты мен eGov порталы уақытша қолжетімсіз болды, деп жазады Egemen.kz. 

Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс пен Meta компаниясына тиесілі желілер әлем бойынша  істен шыққанын хабарлады. 

«Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша туындаған мәселелер ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді», делінген хабарламада. 

Министрлік «Ұлтық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметінің бұл техникалық ақауларға қатысы жоқ екенін ескертті.