Көпшілік «Дикий Арман» деп танитын Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасына қатысты бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Сот процесі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған. Осы іске қатысы бар 44 күдіктінің 25-і тергеу изоляторында, қалғаны үйқамақта болған.
Негізгі айыпталушылардың бірі Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеу изоляторында отыр.
ZTB NEWS хабарлауынша, сот процесі кезінде Арман Жұмагелдиевке тағылған 11 айыптың үшеуі алынған.