Оқиға 29 Қаңтар, 2025

Алматыда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетпек болған

54 рет
көрсетілді

Ұрлық жасаған күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторынан қашпақ болған. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қабылданған шаралардың арқасында ол ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар қызметтік тергеу басталды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың қазан айында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан күдікті қашып кетіп, кейін ол Тереңқара ауылының шетінде ұсталған.