Асхат Есеев Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Асхат Қайыржанұлы Есеев 1984 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының зертханасында инженер ретінде бастаған.
2020 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас инспекторы.
2023 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің аймақтық инспекторы.
2024 жылдан 2025 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің аймақтық инспекторы болған.