Сенат 30 Қаңтар, 2025

Сенаторлар АХҚО-ның жұмысымен танысты

27 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп жазады Egemen.kz.

Сенат депутаттары орталықтың дамуы мен негізгі қызмет бағыттарын талқылап, инвестиция тарту, «жасыл» қаржыны дамыту және стартаптарды қолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінен хабардар болды.

«АХҚО-ның Сот және Арбитраж орталығының, сондай-ақ орнықты инвестициялар нарығын белсенді дамытып отырған «Жасыл» қаржы орталығының қызметіне баса назар аударылды. 2024 жылы Қазақстандағы «жасыл» облигациялар көлемі 3,5 есеге артты», делінген Сенат хабарламасында.

Депутаттар сонымен қатар АХҚО-ның цифрлық активтер мен инновациялық технологиялар саласындағы бастамаларымен де танысты.