Алматы 31 Қаңтар, 2025

Алматыда автомобиль жолының ақысы екі есеге артуы мүмкін

72 рет
көрсетілді

Қазақстанның Көлік министрлігі үлкен Алматы айналма автомобиль жолы бойынша жол ақысын екі есе арттыру туралы бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталына орналастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа құн:

жеңіл автомобильдер - 0,14 АЕК немесе 0,07 АЕК орнына 550,48 теңге (1,06 доллар);

16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,16 АЕК немесе 0,08 АЕК орнына 629,12 теңге (1,21 доллар);

32 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,28 АЕК немесе 0,14 АЕК орнына 1 100,96 теңге (2,12 доллар);

Ай мен жылға абонементтердің құны да екі есе өседі.

Енгізілетін өзгерістер тарифтің жүйелі түрде көтерілуімен, сондай-ақ пайдаланушы алдын ала төлемді енгізген кезде қорытынды соманың 50% шегерім беру жолымен төлемдерді ынталандырудың қосымша тетігін енгізу қажеттілігімен негізделген.

Жоба 2025 жылдың 14 ақпанына дейін талқыланады.