Италияның Конье қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңі жалауын желбіретті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, бапкерлік штаб бұл жарысқа екінші және үшінші құрамдағы спортшыларды қосқан.
Себебі қазір құрама көшбасшылары 2025 жылғы Азия ойындарына дайындығын пысықтап жатыр.
Италиядағы Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Елизавета Толмачева, Лаура Кинебаева, Ернұр Бексұлтанов, Дидар Қасенов және Сұлтан Базарбеков қорғайды.
Шаңғы жарысы 2 ақпанға дейін жалғасады.