Аймақтар 03 Ақпан, 2025

Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

69 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін сағат 10:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу енгізілген учаскелер:

Ақтөбе – Орал 195-248 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін); Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 4-72 шақырым (Орал қаласынан Тасқала ауылына дейін); Орал – Тасқала – Ресеймен 375-492 шақырымға дейін (Ақжайық ауылынан Орал қаласына дейін).

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жолдарды 2025 жылдың 3 ақпан күні сағат 14:00-де ашу жоспарланған.