• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Кодекс жобасы таныстырылды

331 рет
көрсетілді

Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен Кәсіпкерлік кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылды. Оның жұмысына Мә­жіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева қатысып, басқосуды аталған комитет төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов жүргізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Парламенттің бесінші ша­қы­ры­лымы үшінші сес­сиясының 2013 жылғы 2 қыр­күйектегі ашылуында Мем­лекет басшысы Кәсіпкерлік кодекс жобасында қазақстандық кә­сіп­керлер қызметінің негізгі қағи­даттарын және олардың мем­ле­кетпен өзара іс-қимылын бекі­туді тапсырған болатын. Сонымен бірге, Пре­­зи­денттің 2014 жылғы 27 ақ­пандағы «Қазақ­стан Рес­публикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақ­сар­ту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығында Үкі­метке Кә­сіпкерлік кодексте кәсіпкерлік қыз­метті мем­лекет­тік реттеу туралы заң­намалық актілердің норма­ларын топтас­тыру тапсырылған еді. Кәсіпкерлік кодекс жобасы жә­не ілеспе заң жобасы Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2014 жыл­ға арналған заң жобалау жұ­мыс­тары жоспарының 39-1, 39-2-тар­мақтарын орындау үшін әзірленген. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қол­даудың негізгі бағыттары: шағын кәсіпкерлік; агро­өнер­кәсіптік кешен және ауылдық ме­кен­дегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл­ша­руашылық емес түрлері; индус­триялық-инно­вациялық қыз­мет; ар­найы экономикалық ай­мақ­тар; инвес­тициялық қызмет; отан­дық тауар өн­дірушілердің кәсіп­кер­лігі; кәсіпкерлікті мем­лекеттік рет­теудің нысандары мен құралдары болып табылады. Кодекспен Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина таныстырды. Құжат жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъек­тілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде мем­лекеттік реттеу және кәсіп­керлікті қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру мен дамыту, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді жүйелеу болып табылады. Жалпы кодекс жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының 11 заңы («Жеке кәсiпкерлiк туралы», «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы», «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы», «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Субсидиялар және өтем шаралары туралы», «Инвестициялар туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Бәсекелестік туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1 заңы («Концессиялар туралы») ішінара шоғырландырылды. Заң жобасы бойынша депутаттар: С.Әйімбетов, С.Романовская, А.Со­ло­вьева, З.Балиева, Г.Щегельский, О.Өк­сікбаев, А.Бекенов, С.Қанаев, А.Тұратев кодекс жобасын жасау­шы­ларға сұрақ қойып, белсене талқылады. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева Әділет министрлігі ұсынған Кәсіпкерлік кодекс жобасы жайында өз пікірін білдірді. Заң жобасы енді депутат Азат Перуашев жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыланып, Мәжіліс де­пу­тат­тарының ұсыныстары мен пікірлері қосылатын болады.
Соңғы жаңалықтар