• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2025

Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

136 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Қарағанды облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылғы 7 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесінде жол жабылды», делінген хабарламада.

Аталған жолды 2025 жылғы 7 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар Астана-Теміртау автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылған.  

Соңғы жаңалықтар