Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген Жетісу облысының тұрғындарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 қаңтарда Талдықорған сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
«Тергеу медициналық қызметкерлердің есепшотын заңсыз иемдену арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қосымша халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізгенін анықтады», делінген хабарламада.