Таным 11 Ақпан, 2025

Циперович сиқыры

57 рет
көрсетілді

Адамзат ғасырлар бойы мәңгілік жастықтың құпиясын іздеп келеді. Бәзбіреулер шөп тамыр­ларын дәріптесе, енді бірі медицинаның жетіс­тік­теріне сенім артты. Алайда герма­ния­лық Яков Циперо­вичтің тағдыры бұл ізденістің мүлде басқа бейнесін көрсетті.

1979 жылы әлденеден уланған 26 жастағы жігіт 60 минуттық клини­ка­лық өлімді бастан өткер­ген. Айтуға жеңіл бол­ға­нымен, бір сағат бойы тіршілік нышаны бол­ма­ған жанның қайта тірілуі – медицинаның қағи­да­ла­рына қайшы құбылыс. Себебі ғалымдар жүрек тоқтағаннан кейін санаулы минут ішінде ми жасу­шалары өле бастайды дейді. Алайда бұл оқиға сол қа­лыптасқан ұғымды жоққа шығарған.

Өлімнен кейін қайта тірілген Яковтың өмірі түбегейлі өзгерді. Ең әуелі, ол ұйқыдан мүл­де айырылды. Тек ұйық­тай алмау ғана емес, тіпті жату мүмкін емес еді. Денесін төсекке тигізген сәтте белгісіз күш оны қайта көтеріп жіберетіндей әсер қал­дыратын. Тылсым жайт тура 16 жыл бойы жал­ғасты. Кейіннен, 1995 жылы медитация мен йоганы серік етіп, белгілі бір деңгейде денесін басқара алатын халге жетті. Десе де, бұл да то­лыққанды ұйқы емес еді – күніне бар-жоғы 2-3 сағаттай ғана тынығатын. Циперовичтің тағы бір ерекшелігі – оның дене қызуы ешқашан 34°C-тан жоғары көтерілмейтін. Ға­лымдар мұны қартаю үдерісінің тежелуі деп болжады. Бүгінде ол 72 жаста, бірақ болмысы 30 жастағы адамдай.

Осы уақытқа дейін қызық құбылыстың ақи­қаты ашылған жоқ. Неміс һәм орыс медицинасы мұндай феноменге нақты түсініктеме бере алмай отыр.