Әлем 12 Ақпан, 2025

Израиль Газадағы әскерін әкетті

144 рет
көрсетілді

Израиль Газа секторын солтүстік және оңтүстікке бөліп тұрған Нецарим аймағын босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ХАМАС пен Израиль арасындағы бейбіт бітім аясында іске асты.

Нецарим – Израиль әскері палестиналықтардың жүріс-тұрысын шектеу үшін қолдан жасаған дәліз. Қазір Израиль Газа мен Мысыр арасындағы Филадельфия дәлізі мен Израиль-Палестина шекарасындағы буферлі аймақты бақылауда ұстап отыр.