• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2025

Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

170 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарлы боранда Тойота маркалы автокөлігі тұрып қалған. Көлікте 6 жолаушы болған.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті жолда тұрып қалған 6 адамды қар құрсауынан алып шықты.

«Тойото маркалы көлік Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарға батып тұрып қалған. Хабарлама келіп түсісімен біздің мамандар жіберілді. Олар көлікті қар құрсауынан алып шығып, 6 жолаушыны құтқарды. Азаматтар Шідерті кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға ауа-райының нашарлауына байланысты сапарлардан бас тартуды ұсынады. Облыстың бірқатар өңірлерінде қатты жел мен боран соғып тұр.

Павлодар облысы