• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Тұлға 14 Ақпан, 2025

Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды

471 рет
көрсетілді

Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұлдыз Райымбекқызы 1967 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының Нығмет Нұрмақов атындағы ауылда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі.

1990 жылдан бері Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде журналист. Халықаралық Қазақстан-Заман газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. «Көтердім ақ желкенін жыр – кеменің» атты жыр жинағының авторы.

Соңғы жаңалықтар