Ұлттық спорт 14 Ақпан, 2025

Жамбы атудан ұлттық құрама финалдық кезеңге жолдама алды

87 рет
көрсетілді

Пәкістанның Лахор қаласында 7-12 ақпан күндері жамбы атудан әлем кубогіне іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жаһандық додаға Пәкістан, Ресей, Иран, Түркия, Қазақстан құрамаларының үздік мергендері қатысты.

Ел намысын Үсен Ақберен, Ақәділ Пернебай, Бақдәулет Бабажан, Марлен Өсербай қорғады. Жекелей есепте Үсен Ақберен 1 алтын (572.56 ұпай), 1 күміс, 1 қола, Бақдәулет Бабажан 1 күміс, 1 қола жүлде иеленді.

Қазақстан ұлттық құрамасы 1528,68 ұпаймен 1-орын (командалық есепте алтын жүлде) иеленіп, қазан-қараша айларында Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған әлем кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алды.