Елорда 16 Ақпан, 2025

Астанадағы «Сергек» камералары алынып тасталады

126 рет
көрсетілді

13 наурыздан бастап Астана көшелерінен «Сергек» камералары алынып тасталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазақстан" телеарнасы тілшінің мәліметінше, қала әкімдігі жоба авторларымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Ал жаңа бейнебақылау жүйесіне енді халықаралық Presight компаниясы жауапты болады. Жасанды интеллектінің көмегі арқылы жүзеге асатын жаңа жүйеге 53 млрд теңге қаржы бөлінеді. Оның аясында 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылады.