• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Ақпан, 2025

Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті

107 рет
көрсетілді

10 ақпанда Астанадан Павлодарға бағыт алған 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы «Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Еріктілердің мәліметінше, Бейбіткүл Мұхамеджанованың ұлы Бауыржан Смағұлов 44 жаста, ал, қызы Әлия Мұхамеджанова 39 жаста. Үшеуі 10 ақпан күні Астанадан Павлодарға қарай бет алған, бірақ діттеген жеріне жеткен-жетпегені белгісіз.

«Олардың қайда екенін ешкім білмейді, байланысқа шықпаған», деп жазады еріктілер.

Айта кетейік, Бейбіткүл Мұхамеджанова қара ұзын тон, қара шалбар, қара етік киіп жүрген. Қолында қою жасыл сөмкесі бар. Бауыржан Смағұлов қара күрте мен қара джинсы шалбар, қара тымақ және қара етік киген. Әлия Мұхамеджанова да тізеге жететін қара тон, қара шалбар, ақ тымақ пен қара түсті етік киген.