• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қылмыс 18 Ақпан, 2025

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

27 рет
көрсетілді

17 ақпанда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдардың әрекеттері тоқтатылды. 

Оларды ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолдауымен ұстаған. 

Бұған Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшелері және пилотсыз авиациялық жүйелердің есептері де атсалысты.

- Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді, - делінген Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.