• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Мәскеудегі үш ел басшыларының кездесуі табысты аяқталды

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 ақпан. Кремльде түнде Ресей, Германия және Франция басшылары Владимир Путин. Ангела Меркель және Франсуа Олланд арасындағы бес сағатқа созылған келіссөз мәресіне жетті. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады. «Жұмадан сенбіге қараған түне Мәскеуде РФ, ГФР және Франция басшылары Владимир Путиннің, Ангела Меркельдің және Франсуа Олландтың қатысуымен өткен үшжақты келіссөз аяқталды. Үш елдің лидерлері Минск келісімінің орындалуына қол жеткізу, сондай-ақ бұл кездесудің қорытындыларын жексенбіде телефон арқылы «норманд форматында» жүргізілетін әңгімеде шығару туралы келісті», - деп жазады басылым осы орайда. Мәскеуде түннің жарымы ауа аяқталған келіссөздің алдын ала қорытындылары туралы бірінші болып РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтып берді. Ол келіссөздің сипатын «жүйелі, мазмұнды және шешімді» деп атап көрсетті. Оның неміс және француз әріптестері де осындай пікірде болды. «Қазіргі таңда Минск келісімін жетілдіре түсу бойынша ықтимал бірлескен құжат мәтінін дайындау үшін бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Ол Украина президентінің ұсыныстары қосылған және бүгін РФ президенті Владимир Путиннің оған қосылып, бір ізге түсірілген ұсыныстарын қамтитын құжат болады», - деп мәлімдеді Дмитрий Песков. Қорытынды мәтінде үш тараптың талаптары ескеріледі: сәл кейінірек дәл осындай мәлімдемемен ГФР канцлерінің баспасөз хатшысы шығып сөйлеп, мәтіннің «Ангела Меркель мен Франсуа Олланд берген ұсыныстар» негізінде жасалатынын атап өтті. Осымен бірге, РФ баспасөз хатшысының айтуынша, мәтін «қолдау алу үшін» барлық тараптарға жіберіледі, ал жұмыстың алдын ала қорытындылары жексенбі күні аталмыш елдер лидерлерінің телефон арқылы «норманд форматында» әңгімелерінде шығарылады. Жұрттың көпшілігі Украинадағы дағдарысты бейбіт түрде шешу жолын табудың «ең соңғы мүмкіндігі» ретінде қабылдаған кездесуге тараптар барынша ыждағатты және артық ду-дабырсыз дайындалды. Мұның баспасөзге де қатысы бар. Бейсенбі күні Франсуа Олланд Парижде өткізген баспасөз мәслихатынан кейін өзінің Мәскеуге баратыны туралы сенсациялық мәлімдемесін жасады, Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге олар Киевке жол тартып, онда Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөз жүргізді. Бес сағатқа созылған кездесудің мазмұны туралы оншалықты терең ашылып айтылған жоқ. «Тараптар Донецк және Луганск облыстарындағы шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуге қолдау білдіріп, бұған Ресейдің де мүдделі екеніне сенім артты», - деп мәлімдеді Украина президентінің баспасөз хатшысы лидерлердің бұдан бұрын Минскіде белгіленген талаптарды сақтауға да шақырғанын атай отырып. Ең басты қызығушылық Мәскеуде қандай талаптап қойылатыны жөніндегі келісім турасында болды. Алайда, келіссөздің күн тәртібі соңғы сәтке дейін құпия ұсталды. РФ президентінің баспасөз хатшысы атап өткендей, тіпті Ангела Меркель мен Франсуа Олланд түн қараңғысында келгеннен кейін Кремльде басталған кездесудің өзі әлдеқандай бір делегация мүшелері мен сарапшылардың қатысуынсыз, «көзбе көз» сипатта өткізілді. Айтқандай, РФ-ның, ГФР-дың және Францияның жоғары лауазымды шенеуніктері лидерлер келіссөзін бірнеше сағаттың ішінде дайындап үлгерді. Соған қарамастан, жұма күні Украинадағы ахуалды реттеудің жаңа жоспарларын талқылайтын жиынның өтіп қалуы ықтимал ишарасы бәрібір баспасөзге шығып кетті. Мәселен, Американың The Wall Street Journal (WSJ) басылымы Мәскеуде жасақшыларға ауқымды территория мен автономия беру жөніндегі мәселенің талқыланып қалу ниеті бар екенін хабарлап қойды. Осыған ұқсас әңгімелер Еуропа парламенті депутаттарының арасынан да естіліп жатты. Бұл дерек көздерінде Мәскеуде шұғыл кездесу өтікізіліп, онда да Донецк және Луганск облыстарына үлкен өкілеттілік берілуі жөнінде әңгіме болатыны айтылды. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: «Коммерсантъ».