• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2025

Атырау облысында шаруа қожалығына 2,6 млн теңге айыппұл салынды

119 рет
көрсетілді

Атырау облысында шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 гектар жер телімін игермеген. Соған байланысты айыппұл салынып, жер телімі мәжбүрлі түрде қайтарылды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, 100 гектар жер телімі Махамбет ауданында орналасқан.

«Атырау облысында жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлері мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтады. Атап айтқанда, «К» шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан 100 гектар учаскені игеру туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды. Шаруа қожалығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 млн теңгенің айыппұлы салынды», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.