Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия кубогы U14, Азия чемпионаты U16-U18 жарыстары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы айдың 10-16 күндері 30 елден 742 спортшының қатысуымен өткен аталған жарыс нәтижесінде ҚР құрама командасы үздік деп танылды.
«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» КММ мәліметінше аталған қала құрамасының неваза жүйелері бөлігіндегі нәтижелері мынадай: U14 Садьбий Дархан - U14, 69 кг - 1 орын, Елюбаева Ясмина - U14, 36 кг - 1 орын, Сариев Нұрамир - U14, 44 кг - 1 орын, Беляуш Гордей U14, 36 кг - 2 орын. U16 Мехдиева Джамиля - U16, 48 кг - 1 орын, Безрукова Линара - U16, 57 кг, бөлім - 1 орын, Әлиақпаров Абдурахман - U16, 77 кг - 1 орын, Рузахунов Кемаль - U16, 69 кг - 1 орын, Хайрхан Самир - U16, 56 кг - 2 орын. U18 Цой Анель U18, 44 кг - 1 орын, Сулейман Айдана U18, 52 кг- 3 орын.