• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип бекітілді

596 рет
көрсетілді

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Бұл туралы жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ерекше екшеген еді, деп жазады Egemen.kz.

Жеңісті мерекелеу үшін елімізде біршама іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Президент осының ішінде ең маңыздысы - әскери шеру екенін атап өткен болатын.

«Іс-шаралардың ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі, тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыс­тары жалғаса береді. Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіреді», деді Президент. 

Осындай маңызды іс-шаралар бір логотиппен бедерленеді. Қорғаныс министрлігі ресми бекітілген логотипті жариялады. 

Соңғы жаңалықтар