• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Ақпан, 2025

Сирияда жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты

87 рет
көрсетілді

Сирияның солтүстігінде Алеппо провинциясындағы Нейраб қаласында оқ-дәрі жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Алепподан шығысқа қарай орналасқан Нейраб қаласында оқ-дәрі сақталған үйде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам жарақат алды», делінген телеарна таратқан хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылы қарашаның соңында қаруланған оппозициялық топ сириялық әскерге ауқымды шабуыл жасады. 8 желтоқсанда Сирия астанасы Дамаскте оппозиция күштері президент Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп, ол елден кетуге мәжбүр болды.