Оқиға 21 Ақпан, 2025

335 мың қазақстандық көлік салығын төлемеген

176 рет
көрсетілді

Еліміздегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлік салығын төлемеген 335 мың жеке тұлға борышкерлер тізімінде тұр.

Ең көп қарыз тіркелген өңірлер:

Алматы қаласы 2,1 млрд теңге (39 мың жеке тұлға); Астана қаласы 1,3 млрд теңге (33 мың жеке тұлға); Шымкент қаласы 885 млн.теңге (28 мың жеке тұлға); Шығыс Қазақстан облысы 213 млн.теңге (8 мың жеке тұлға).

Естеріңізге сала кетейік, көлік салығын төлемеу өсімпұлдың қосылуына әкелуі мүмкін. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.