«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 ақпан сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.Аталған жолды 2025 жылғы 22 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.