Алматыда денсаулық жағдайы ауыр болғанына қарамастан, қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастар мүгедектік туралы анықтаманы ала алмай жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселе қалалық прокуратураның араласуымен шешілді.
Құзырлы органның әрекетінен кейін 8 науқасқа І топтағы мүгедектік берілсе, 9 қалалық емхананың басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін, Батыс Қазақстан облысындағы прокуратура қатерлі ісікке шалдыққан 58 адамның мүгедектік алмағанын хабарлаған болатын.