Фридрих Шиллердің шабыт шақыру тәсілі таңғаларлық. Ақын жұмыс үстелінің тартпасына құрт түскен алмаларды жинап, олардың өткір иісінен шабыт алатын болған.

Оның ойынша, бұл иіс қиялына қанат бітіреді. Бірақ Шиллердің бұл әдетін әйелі түсінбеген. Үй ішіне жайылған өткір иіске шыдамаған ол, кейде күйеуі жоқ кезде тартпадағы алмаларды лақтырып тастайтын. Бірақ ақын бәрібір орнына жаңа алмаларды әкеліп, шірігенше сақтап қояды екен.