Оқиға 27 Ақпан, 2025

Елімізде екі әскери колледж ашылады

90 рет
көрсетілді

ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған оқу орындарына кадеттердің алғашқы қабылдауы биылғы жылы жүзеге асырылады. Конкурс негізінде 9-сынып түлектері оқуға түсе алады.

Болашақ әскери қызметшілер даярланатын мамандықтар:

Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі (Алматы қаласы):

Дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы Барлау және десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару

Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі (Қарағанды қаласы):

Зымыран әскері және артиллерия бөлімшелерін басқару Киім-кешекпен қамтамасыз ету Азық-түлікпен қамтамасыз ету

Әскери колледждерде оқудың артықшылықтары:

Мемлекеттік стипендия Әскери ант қабылдау және әскери билет алу Оқу кезеңінде әскери қызметке арналған келісімшарт Оқуды аяқтағаннан кейін 10 жыл әскери қызмет кепілдігі Техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом “Кіші сержант” әскери атағы беріледі ҰБТ тапсырмай-ақ әскери институттарға қысқартылған мерзімде оқуға түсу мүмкіндігі (конкурс негізінде)

Колледжді аяқтағаннан кейін түлектер:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін болады.