Спорт 28 Ақпан, 2025

Семсершілер командалық сайыста 3 медаль еншіледі

71 рет
көрсетілді

Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш медальға қол жеткізді. 

Ерлер құрамасы саблямен семсерлесуден (Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек, Сұлтан Асылбеков) күміс медаль жеңіп алды.

Ал, Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден (София Актаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова, Алена Гноева) қола жүлде иеленді.

Сондай-ақ тағы бір қола медальді шпагашылар (Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин, Кирилл Проходов) иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.