• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Кудрин Ресейде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

286 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 19 маусым. Бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин Ресейде Қазақстан үлгісімен кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы ria.ru хабарлады. Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумда Кудрин: «Маған Президент Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы ерекше ұнады. Ол 5 институттық реформалық бағдарламасын түпкілікті жүзеге асыру үшін де кезектен тыс Президент сайлауын өткізді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Дума сайлауының алдында неге бізге де кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ойластырмасқа», – деді. Ресей Федерациясы Азаматтық бастамалар комитеті төрағасының ұсынысына пікір білдірушілер қатары көп болған жоқ. Единая Россия партиясының өкілі – Мемдуманың вице-спикері Сергей Неверовя: «Мұндай сайлау қазіргі жағдайда Ресей қоғамында тұрақысыздық белгілерін туындатуы мүмкін» десе, Справедливая Россия партиясы жетекшісінің орынбасары Михаил Емельянов: «Кезекен тыс сайлау Батыс үшін қажет, ал Кудриннің өзі Президент сайлауына қатысудан дәмелі» деп қағытты. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: ria.ru.