• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Наурыз, 2025

Еріктілер Семейде соққыға жығылған балаға пәтер алып берді

59 рет
көрсетілді

Еріктілер бір топ бұзақылардың аяусыз соққысының құрбаны болған семейлік 11 жастағы Әлинұрдың төрт бөлмелі пәтер алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Ерікті Динара Садырбаеваның айтуынша, соңғы бірнеше күнде қазақстандықтар Әлинұр үшін рекордтық 35 миллион теңге жинаған.

Олар оған төрт бөлмелі пәтер сатып алды.

Еске сала кетейік, 24 ақпанда әлеуметтік желіде семейлік жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан видео тараған болатын.

Бұл баланың оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Аяусыз соққыдан кейін оған бас-ми жарақаты және гематомалар диагнозы қойылды. Шабуыл жасағандар арнайы мектепке жіберіліп, олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Мектеп директоры қызметінен босатылды.