• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

«КazEOSat-1» жерсерігі еліміздің меншігіне заңды түрде берілді

426 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 19 маусым. Қазақстандық «КazEOSat-1» жерсерігі Гвианадағы (Франция) «Куру» ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде еуропалық «Вега» тасымалдағыш зымаранымен ұшырылған. Осыған байланысты Тулузада Airbus Defence and Space компаниясы мен қазақстандық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ЖҚЗ ғарыш жүйесін меншікке беру құқығы сертификатына қол қойды. Бұл туралы «Қазғарыш» баспасөз қызметі хабарлады. Алдымен Францияның Тулуза қаласында штаттық пайдалану үшін «КazEOSat-1» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратының ресми қабылдауы болды. Меншік құқығын алғаннан кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өзінің активтерін ұлғайтады және «КazEOSat-1» спутнигін коммерциялық пайдалануға кіріседі. Енді Қазақстан Республикасы өзіндік ЖҚЗ ғарыш жүйесінің пайда болуы ғарыштық мониторингілеу және болжау саласындағы ең алдыңғы тәжірибені пайдалау мүмкіндігіне ие болады. «КazEOSat-2» жерсерігі Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер  жасауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған. Талғат Сүйінбай. Дерек: «Қазғарыш» баспасөз қызметі. Сурет: 24.kz.