Экономика 04 Наурыз, 2025

Биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

50 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш кейінгі жылдармен салыстырғанда рекордтық деңгей болып отыр. 

19 млн шаршы метр нәтижесіне жаңа инфрақұрылымды салу, ипотекалық несие көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілер есептеледі. 

«Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биылғы жылы оның айтарлықтай артуына алып келеді», деді Серік Жұманғарин.
Соңғы жаңалықтар