• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Алматыдағы үздік хирургке жапонның темір көлігі сыйға берілді

294 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 19 маусым. Алматы облысында «Жылдың ең үздік дәрігері» номинациясы бойынша хирург Ахатбек Матыбаев ең таңдаулы маман болып танылды. Қандауыры «алтын» дәрігерге «Ниссан-Алмера» жапондық жеңіл көлігі сыйға берілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ахатбек Матбаев 29 жылдан бері облыстық туберкулезге қарсы диспансерде дәрігер-хурург болып қызмет істейді. Темір көліктің кілтін тапсырған облыс әкімінің орынбасары Махаббат Бигелдиев: «Сіздер күн сайын облысымыздың 100-деген тұрғындарының денсаулығына араша түсесіздер. Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз сол себепті де әрқашан да лайықты бағасын алады», – деді. Ал үздің хирург: «Бұл менің ғана емес, мен қызмет істейтін бүкіл ұжымның маңдай тері – бұл біздің ұжымға көрсетілген құрмет деп санаймын», – деп ағынан жарылды. Облыста төл мерекесін лайықты қарсы алған талай-талай дәрігерлер мен медбикелерге марапат жасалып, гүл шоқтары берілді, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.    
Соңғы жаңалықтар