• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Футбол. «Челси» – ағылшын премьер-лигасының чемпионы!

376 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Футболдан ағылшын премьер-лигасында жеңімпаз команда анықталды. Чемпионаттың аяқталуына 3 тур қалған кезде Лондонның «Челсиі» тарихында бесінші рет Англия чемпионы атанды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. «Челси» 35-тур аясында өткен шешуші ойында «Кристал Пэласпен» ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды «ақсүйектер» сапындағы бельгиялық легионер Эден Азар соқты. Осы жеңістен кейін Жозе Моуриньо жаттықтыратын команданың ұпай саны 83-ке жетті. Ал екінші орында келе жатқан «Манчестер Ситидің» еншісінде 70 ұпай бар. Чемпионаттың аяқталуына 3 тур қалғанын ескерсек, «Ситидің» «Челсиге» жете алмайтыны белгілі. Сондай-ақ, әлі 5 ойын өткізетін «Арсенал» да барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған күннің өзінде «Челсиден» базып оза алмайды. Себебі, Арсен Венгердің командасында бүгінде 67 ұпай ғана бар. Мұндай көрсеткішпен олар әзірге 3-сатыда келеді. 2014-2015 жылғы маусымда «Челси» 274 күн бойы турнир кестесінде көш бастап тұрды. Бұл Англия футболының тарихында рекордтық көрсеткіш. Осыған дейінгі ең үздік нәтиже «Манчестер Юнайтедке» тиесілі. «Қызыл сойқандар» 1993-1994 жылғы маусымда 262 күн бойы көшбасшылықты ешкімге бермеген болатын. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: eurosport.ru.