«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 ақпан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша бірқатар өңірде жол қозғалысы барлық көлік түрлері үшін ашық.
Солтүстік Қазақстан облысыОблыс аумағындағы бірнеше республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысына рұқсат берілді. Атап айтқанда, Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы, Астана – Атбасар – Қостанай бағыты, Жезқазған – Арқалық – Петропавл жолы, Көкшетау – Қазақстан шекарасы бағыттары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен аудандық елді мекендерді байланыстыратын жолдар ашық тұр.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды
Қостанай облысыАстана – Қостанай бағыты және Қостанай – Мамлютка жолының жекелеген учаскелерінде қозғалыс қамтамасыз етілген.
Ақмола облысыКөкшетау – Рузаевка, Көкшетау – Қазақстан шекарасы, Көкшетау қаласының айналма жолы, Щучинск – Зеренді, Көкшетау – Атбасар, Макинск – Ақсу – Торғай, Астана – Петропавл және Астана – Қостанай бағыттарында жол ашылды.
Абай облысыАлматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы автожолының Аягөз қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігі ашық.
Шығыс Қазақстан облысыАталған бағыт бойынша Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін көлік қозғалысына рұқсат етілген.
Жабық жолдарАуа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жол учаскелерінде уақытша шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Павлодар облысыАстана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар тұс) көпір құрылымының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысыКүрделі таулы аймаққа байланысты Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылына бұрылыс пен Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Қазіргі таңда жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.