Денсаулық 13 Наурыз, 2025

Түркістанда 22 адам сушидан уланып қалды

97 рет
көрсетілді

Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан тексеріс басталғанын мәлімдеді.

- Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, - делінген әкімдік ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар