Ipsos және Reuters агенттіктері жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, АҚШ азаматтарының басым бөлігі президент Дональд Трамп енгізген тарифтер азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына алып келуі мүмкін екендігін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 70%-ы тарифтердің баға өсіміне тікелей әсер ететініне сенімді. Олардың ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы осы пікірді қолдаған. Сонымен қатар, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тұрақсыз деп бағалаған.
Айта кетейік, сауалнама 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1 400-ден астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген.