Ғалам ғажаптары Кеше

«Тікен алып отырған бала»

30 рет
көрсетілді

Римдегі Капитолиий музейіне бара қалсаңыз «Тікен алып отырған бала» атты қола ескерткішке ерек­­­ше назарыңыз ауады. Мүсіннің тұла бойы тұнған табиғилық пен шынайылық.

Аңыздың айтуынша, бұл мүсін жолындағы тікенектерге қарамастан жарыстан бірінші болып келген әйгілі спарталыққа арналған. Кішкентай жүйрік табанындағы қан қақсатқан жарақатқа қыңқ етпей, мәреге жетіп тынғанша жарыс жолынан шыққан жоқ. Оның ерік-жігеріне тәнті болған замандастары қайсарлық пен төзімділікті ұлықтау үшін осындай ескерткіш орнатқан.