Аймақтар Кеше

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

33 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысындағы екі жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстағы «Астана - Петропавл» автожолының 200-304 шақырым аралығы (Жалтыр ауылынан Көкшетау қаласына дейін) жабылды.Сондай-ақ, «Көкшетау қаласының айналма жолы» автожолының 0-18 шақырым аралығында да көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. 

«ҚазАвтоЖол» бұл жолдарды бүгін 14: 00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.