Аустралиялық дәрігерлер әлемде алғаш рет науқасқа толыққанды жасанды жүрек орнатты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Технологияны аустралиялық ғалым Дэниел Тиммс ойлап тапқан. Оның айтуынша, бұл – адам жүрегін толық алмастыра алатын алғашқы құрылғы. Күрделі операция өткен жылдың қарашасында Сиднейдегі Сент-Винсент ауруханасында жасалып, алты сағатқа созылған. Жақында науқас емханадан шығарылды. Енді ғалымдар жасанды жүректі ағза алмастыру саласында тұрақты қолдануды жоспарлап отыр.