• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Бұл – айтулы жетістік! Президент Назым Қызайбайды құттықтады

55 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.