Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП – 100 студент» конкурсы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұйымдастырушы – сала министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ.
Байқау үш кезеңмен өткізіледі:
іріктеу кезеңі – колледж ішінде өтеді;
өңірлік кезең – әр колледжден 5 студент қатысады;
республикалық кезең – шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды.
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.