Бүгін сағат 08:00- дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы) жол жабық.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Компания мәліметінше, қазіргі уақытты республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылған.