Су тасқынының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында Самар, Марқакөл және Күршім аудандарындағы өзендер мен гидротехникалық құрылыстарға бақылау жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.

Лайлы, Орта-Теректі және Төменгі Тайынты су қоймаларының гидротехникалық құрылысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Суды жіберу түпкі су шығару арналары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
ТЖМ өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.