Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на тиесілі су жинақтау орындары мен автокөлік цехы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот шешімі бойынша, бірқатар келісімшарттар жарамсыз деп танылып, күші жойылған.
Анықталғандай, мекеменің 12 млрд теңге қарызы бар, ал оның мүліктерінің 54%-ы кепілге қойылған. Қала әкімдігі бұл шығындардың тұтынушылар есебінен өтелетінін мәлімдеді.