• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Уақыт аз. Кеш қалмаңыз

256 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз қызметі 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама жариялады. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мем­лекет басшысының 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлық­тары мен гранттарын, сондай-ақ, Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды. Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақ­­тар, қоғамдық бірлестіктер, мем­лекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығар­ма­шылық ұжымдарды шығарма­шылық одақтар, қоғамдық бірлес­тіктер, мемлекеттік органдар ұсы­на алады. Әрбір бұқаралық ақпарат құ­ралы, шығармашылық одақ, қо­ғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жа­рия­лауға шығармашылық ұжым­дардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді. Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құ­ралының, шығармашылық одақ­тың, қоғамдық бірлестіктің, мем­лекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады: - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама; - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы; - жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейне­материалдар; - негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері. Алғыс жариялауға шығар­машылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік орган­ның ресми бланкісіне жазылған бі­рінші басшы немесе оның ор­нындағы адам қол қойған бұқа­ралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады; Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2014 жылғы 1 маусым мен 2015 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады. Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсыныл­ған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды. Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады. Мемлекет басшысының сыйлық­тарын, гранттарын алуға және Ал­ғысын жариялауға ұсыным­дарды Қоғамдық комиссияның төрайы­мы – Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясына 2015 жылғы 5 маусымға дейін жолдау қажет.