• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Теннис 31 Наурыз, 2025

Дмитрий Попко Мексикада жеңіске жетті

60 рет
көрсетілді

Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік рейтингте 245 орынға тұрақтаған жерлесіміз финалда үздіктер тізімінде 95 сатыға жайғасқан Аустралияның өкілі Джеймс Даквортты ұтты. 1 сағат 47 минутқа созылған сайыс 1:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Осы бәсеке барысында Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындады.